«Барселона» Испания чемпионатының 15-турында сырт алаңда «Вальядолидті» 3:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Вальядолид қаласында өткен ойын аяқталғаннан кейін Лионель Месси командаластарымен бірге Барселонаға қайтқан жоқ. Ол бірден Аргентинаға жол тартты.

Аргентиналық шабуылшы өз еліне қайтып, отбасымен бірге рождество мерекесін атап өтуді жөн көрген екен.