Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды. жарыстың соңғы күнінде келіден жоғары салмақта балуандар өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аса ауыр салмақта финалға Шығыс Қазақстан облысының балуандары кездесіп, алтын мен күміс жүлдені өзара бөлісті. Әділ Оразбаев Ерасыл Қажыбаевты финалда иппон ұпайымен уақытынан бұрын жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал осы салмақта лидер саналған Ерасыл Қажыбаев күмісті місе тұтты. Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбай мен қызылордалық Еламан Ерғалиев қолаға ие болды.