Ақтауда дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде әйелдер арасында 70 келіде топ жарған спортшылар анықталды деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған салмақта Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Зере Бектасқызы ел чемпионы атанды. Финалда ол Түркістан облысының өкілі Перизат Жақыпбековадан басым түсті.

Қола жүлдені Алматы облысының өкілі Жанар Қашқын мен алматылық Даяна Талғат иеленді.