«Милан» шабуылшысы Рафаэль Леау Италия чемпионаты тарихындағы ең жылдам соғылған голдың авторы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Леау 13-турдағы «Сассуолоға» қарсы ойынның 6,4 секундында гол соғып, рекорд орнатты. Бұған дейінгі рекорд «Пьяченцаның» шабуылшысы Паоло Поджиде болған: 2001 жылы ол «Фиорентинаға» қарсы алғашқы ысқырықтан кейін 8,9 секундтан кейін гол соқты.