«Атлетико» бас бапкер Диего Симонен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Marca басылымының хабарлауынша, мадридтік клуб бірнеше апта бойы жаңа келісім бойынша жұмыс істеп жатыр. «Атлетико» аргентиналық маманмен әрі қарай да жұмысын жалғыстырғы келеді.

Еске салайық, 50 жастағы аргентиналық маманның «Атлетикомен» қазіргі келісімі 2022 жылға дейін есептелген.

Симеоне 2011 жылы «Атлетико» клубын қабылдады. Маманның басшылығымен Мадрид клубы Испания чемпионы (2013/2014 маусым), ел кубогы (2012/2013 маусымы) мен Суперкубогының (2014) жеңімпазы, УЕФА Еуропа Лигасының (2011/2012, 2017/2018 маусымдары) жеңімпазы және УЕФА Суперкубогының иегері (2012, 2018) атанды.

«Атлетико» 2020/2021 маусымда Испания чемпионатында 12 ойыннан кейін 29 ұпаймен сенімді көш бастап тұр.