Қазақстандық файтер Нұржан Ақышевтің (11-2) кезектіі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы файтер 16 қаңтарда Ресейде өтетін Brave FC 46 турниріне қатысады. Ақышевтің қарсыласы - UFC-дің экс-файтері ресейлік Роман Богатов (10-1). Айта кету керек, қазақстандық жекпе-жек шебері бұл ұсынысты іс-шарадан бір ай бұрын, яғни қысқа мерзімде қабылдады. Богатовқа қарсы жекпе-жек 67 келі салмақта өтеді.

Ақышев сегізбұрышқа соңғы рет былтыр желтоқсанда, аса жеңіл салмақта (66 кг) Бушидо Гран-приінде шыққан еді. Ол 3 жекпе-жек өткізіп, Гран-при чемпионы атанды.