Қазақстандық файтер Аслан Ораз (3-1) Нижний Новгородта өткен EFC 31 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аслан Ресейде өткен турнирде Михаил Кузнецовпен (7-6-1) кездесті. Қазақстандық бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.

Arlan MMA Pro Team командасының мүшесі өз мансабында бір жеңіліс пен үш жеңіске ие. Кузнецов 7 рет жеңіске жетіп, алты мәрте қарсыластарына жол берген.