Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында республикалық чемпионаттың жеңімпазы болып Мария Гречаная танылды.

Екінші орынды Ажар Жұмаханова, үшінші орынды Анастасия Лобанова иеленді. Барлық спортшылар Алматы намысын қорғайды.

Ерлер арасында Михаил Шайдоров турнирдің алтын медалін жеңіп алды. Диас Джиренбаев - екінші орында. Дмитрий Карпухин жүлдегерлер үштігіне кірді.