Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогінің кезекті кезеңінде спринт жарысына қатысады.

Австрияның Хохфильцен аймағында биатлоннан әлем кубогінің төртінші кезеңі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде әйелдер спринт бойынша (7,5 км) өзара мықтыны анықтайды.

Аталған халықаралық додаға Қазақстан құрамасынан Дарья Климина, Елизавета Бельченко және Анастасия Кондратьева қатысады.