ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

«Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшы IBF және IBO орта салмақтағы титулдарын қорғады. Гена тағы да өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Ел сені мақтан тұтады» - деп жазды Президент твиттердегі парақшасында.

Қазақстандық боксшы Камил Шереметамен жекпе-жектен кейін орта салмақта титул қорғау бойынша рекордын орнатты. Геннадий 21-мәрте чемпиондық атағын қорғап қалды.