Алматыда өткен бокс кешінде Талғат Шәйкен ресейлік Максим Чурбановқа қарсы жұдырықтасты.

MTK Kazakhstan ұйымдастырған турнирде Талғат Шәйкен қарсыласын соққының астына алған соң ресейлік боксшы жекпе-жек жалғастырудан бас тартты.

Осылайша қазақстандық боксшы кәсіби мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.