Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Чарльз Конуэлл (13-0, 10КО) қазақстандық Мадияр Әшкеевке (14-0, 7KO) қарсы жекпе-жегі жайлы ойымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

АҚШ-тың Олимпиада құрамасының бұрынғы мүшесі Мадиярды кәсіби мансабындағы ең қауіпті қарсылас деп атады.

«Менің ойымша, бұл қызықты жекпе-жек болады. Ол менің бұрынғы қарсыласым Венди Туассанға қарағанда мықтырақ. Бірақ мен Әшкеевті жеңе алатыныма сенімдімін. Нокаутпен бе немесе төрешілердің шешімімен бе маңызды емес, бірақ оны жеңемін. Сонда 2020 жылды сәтті аяқталғаным болар еді», - деді Конуэлл Boxingscene.com-ге.

Айта кетейік, Әшкеев пен Конуэлл кездесуі 17 желтоқсанда (Нұр-Сұлтан уақытымен 18 желтоқсан таңертең) Лос-Анджелестегі Wild Card залында өтеді.

Мадияр Әшкеев - Чарльз Конуэлл жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Манкенов Әшкеев - Конуэлл жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті