Оралда Тәуелсіздік күніне орай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті аумағында «Жәңгір хан» спорт кешені ашылды.

Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиевтің атап өткеніндей, бұл университет оқытушылары мен студенттері ғана емес, Зашаған кентінің тұрғындары үшін де қуанышты жаңалық болды.