Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі пумсэ бойынша өткен онлайн әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған жүлде Қазақстан таеквондо тарихындағы тұңғыш медаль болып саналады.

Александр Тен дүниежүзілік біріншілікке қатысып, таеквондо-пумсэ бойынша еркін стильде жүлдегерлер қатарынан көрінді.