Бірінші ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Энцо Маккаринелли ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерсті (30-0, 14 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) үшін өте қолайсыз қарсылас деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сондерс - табиғи дарынды боксшы. Енді оны атақты боксшыларға қарсы жекпе-жектерде көру керек. Головкин бе? Ол GGG-дің құтын қашырады», - деді Маккаринелли.

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 18 желтоқсанда АҚШ-та поляк Камил Шереметаға қарсы өткізеді.