Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) қазақстандық жас талант Ержан Максимнің бейнебаянына түсті.

Өзінің Instagram парақшасында қазақстандық боксшы бейнеклип түсірілімінен үзінді жариялады.

«Менің бауырым Еражан Максимнің клипінен үзінді! Егер қазақ ұлдары бірін-бірі қолдаса, онда оларды ешкім жеңе алмайды!», - деп жазба қалдырды боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Тұраров WBO Inter-Continental жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуіне ие - ол оны өткен жылдың шілде айында аргентиналық боксшы Мауро Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) үшінші раундта нокаутқа жіберіп жеңіп алды.