Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Бұл туралы Қазақстан конькишілер федерациясы ресми мәлімдеді.

Мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілгі Алматыда 14-19 желтоқсан күндеріне белгіленген. Аталған республикалық дода Алматы қаласындағы "Алматы Арена" мұз сарайында өтеді.

Қазақстан чемпионатына 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірім, жастар қатысытырылады.

Жарыс бағдарламасы:

14-15 желтоқсан - жаттығу 16 желтоқсан - жаттығу, жеребе 17 желтосан - жаттығу, жарыс 18 желтоқсан - жаттығу, жарыс, марапаттау.