29 қараша күні Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан әлем кубогі аясындағы спринттік бәсекелер мәресіне жетті. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесін назарларыңызға ұсынады.

Әйелдер арасындағы сында Қазақстан атынан үш спортшы сынға түсті. Олар: Дарья Климина, Анастасия Кондратьева және Елизавета Бельченко.

Қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтижені Климина көрсетті. Ол 88-ші орында. Бельченко мәре сызығын 92-ші болып кессе, Кондратьева 102-ші орында.

Жарысқа жалпы есебі 104 спортшы қатысқан.

Ерлер арасында Александр Мухин 79-шы, Серей Сирик жарыста бақ сынаған 101 спортшының ішінен 100-ші орын алды.