«Интердің» жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен клубтан қаңтар айында кетуді шешті, деп хабарлайды Calciomercato.

Футболшы трансферге сұраныс жасап үлгерген. Нерадзурри ойыншысын сатуға ұмтылып жатыр. «Интер» Эриксенді сатуға, жалға беруге немесе басқа ойыншыға айырбастауға дайын. 28 жастағы жартылай қорғаушыға басты үміткер— ПСЖ.

Эриксен «Интер» үшін осы маусымда барлық турнирлерде 9 матч қана өткізді.