Испания чемпионатының 11-турында «Барселона» «Камп Ноу» стадионында «Осасунаны» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Католондықтар қарсылас қақпасына жауапсыз төрт доп соқты. Мартин Брейтвейт, Антуан Гризманн, Филипе Коутиньо және Лионель Месси мергендік танытты.

Осы жеңістен кейін «Барселона» жетінші орынға көтерілді. «Осасуна» он бесінші орынға түсті.