Мадридтік "Реалдың" бельгиялық шабуылшысы Эден Азар Испания чемпионатының 11-турындағы "Алвеспен" болған ойында (1:2) жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

AS хабарлауынша, бельгиялық 16 ай ішінде корольдік клубта сегіз рет жарақат алды. Айта кетейік, Челсидегі жеті жылында шабуылшы 12 рет жарақат алған.

сы маусымда 29 жастағы Азар "Реал" сапында барлық турнирлерде алты матч өткізіп, екі гол соқты. Оның клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жасалған.