Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде 69 келіге дейінгі салмақтағы ел чемпионы анықталды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Олимпиадалық салмақ саналатын 69 келідегі ақтық сында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова мен 2016 жылғы әлем чемпионы Валентина Хальзова жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен Валентина Хальзова жеңіске жетті.

Балжан Асқар (Жамбыл облысы) мен Жасмин Қизатова (Қарағанды облысы) қола жүлдеге қанағаттанды