Келер жылы Қазақстан Суперкубогы үшін матч өтпейді. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы хабарлады.

«2021 жылы Қазақстан Суперкубогы үшін ойын маусым күнтізбесіне қосылмайды. Бірнеше БАҚ 2021 жылғы Суперкубок үшін ойынға қатысатын командалар және белгілі мерзімі туралы ақпарат пайда болды.

Өтіп жатқан маусымда Қазақстан Кубогы сарапқа салынбағандықтан аталмыш кездесу жоспарланбағаны туралы хабарлаймыз», - делінген хабарламада.