«Қайраттың» ойыншысы Гүлжігіт Алықұлов Kyrgyz Sport жобасына берген сұқбатында Чехиядан ұсыныс түскенін айтты.

«Агентім екеуміз Чехияда болдық. «Млада Болеслав» командасынан ұсыныс түсті. Келіссөз өткіздік. Соңына жеткенде команданың мені жалға алғысы келетінін білдік. Ал «Неман» бұған қарсы еді.

Бұдан бөлек Ресейден де қызығушылық танытқандар болды. Негізінен РПЛ командалары. Бірақ біз «Қайратқа» ауысуды жөн көрдік», – деді қырғыз футболшысы.