Футболдан Қазақстан Чемпионатының 21-тур ойындары Диего Марадонаны еске мақсатында бір минут үнсіздікпен басталады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы хабарлады.

«Қазақстан Чемпионатының 21-турындағы барлық ойындары дүниеден өткен әлемге танымал ойыншы Диего Армандо Марадонаны еске алу үшін бір минуттық үнсіздіктен басталады.

XX ғасырдың үздік ойыншыларының бірі Диего Марадона 61 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Өзінің тамаша ойынымен бұл ойыншы бүкіл әлемге ұмытылмас голдар және ойындар сыйлады, сонымен қатар ол өз ойынымен футболға миллиондаған адамдарды ғашық етті», - деп жазды ҚКФЛ баспасөз қызметі.