Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-турының «Жетісу» - «Астана» матчы қарсаңында Талдықорған және Астана клубтарының өзара қарым-қатынас статистикасын еске түсіреміз.
Алғаш рет «Жетісу» мен «Астана» бір-бірімен 11 жылдан астам уақыт бұрын, 2009 жылы 24 мамырда ойнады. Ол кезде елордалық команда «Локомотив» деп аталып, олардың дебюттік кездесуі болашақ алты дүркін ел чемпиондарының 1:0 жеңісімен аяқталды және сол матчтағы жалғыз голды «Астананың» қазіргі бас бапкері Андрей Тихонов соқты.
Еске сала кетейік, Қазақстан чемпионатының 21-турының «Жетісу» - «Астана» матчы жұма, 27 қарашада өтеді. Ойын елорда уақытымен 13:00-де басталады.
Ұсынамыз
Комментарии