Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-4) UFC-дегі екінші жекпе-жегінің өтетін уақыты неге ауыстырылғанын айтты.

Спортшының айтуынша, оның АҚШ визасын алуға рұқсаты болғанымен, төлқұжатын әлі алмаған.

Жалғас Жұмағұлов 28 қарашада өтетін UFC on ESPN 18 турнирінде швециялық Амир Альбазиге қарсы жұдырықтасуы қажет еді. Алайда оның жекпе-жегі UFC 257 турниріне ауыстырылды.

Аталмыш кештің басты жекпе-жегінде Конор Макгрегор мен Дастин Порье жұдырықтасады. Турнир 23 қаңтарға жоспарланған.