Жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Тони Фергюсон желтоқсан айында сегізбұрышқа оралады.

12 желтоқсанда өтетін UFC 256 аралас жекпе-жек кешінде Тони Фергюсон бразилиялық Шарлис Оливейрамен жұдырықтасады.

Айта кетейік, аталмыш кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтың чемпионы Дейвисон Фигейредо мен Брендон Морено жұдырықтасады.