29 қарашада Калифорниядағы Карсон қаласында Dignity Health Sports Park аренасында Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы жекпе-жек өтеді.

Кездесу елорда уақытымен 07:50-де басталады. Екі аңыз кәсіпқой боксшылардың жұдырықтасу кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Жекпе-жек форматы - 2 минуттан 8 раундты құрайды. Спортшылар рингке шлемсіз және 12 унция қолғаппен шығады.

Жеңімпаз үшін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) арнайы белбеуі табысталады. Бұл белдеу Frontline Battle Belt («Майдан шебіндегі шайқас белбеуі») деп аталды.