Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова бокстан Қазақстан чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады Prosports.kz.

69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Шәкімова 1/8 финалда астаналық боксшы Әсел Құспанованы жеңіп, ширек финалға шықты.

Айта кетейік, Шәкімова 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 75 келі салмақта жұдырықтасып, қола медаль иеленген болатын.