DAZN стримингтік қызметі қазақстандық Геннадий Головкиннен келісімшарттың қаржылық шарттарын қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Головкин DAZN-мен жасалған келісімшартты қайта қарауға дайын. Қазір тараптар арасында келіссөздер жүріп жатыр. Мәселе шешілген бойда Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек ресми түрде жариялануы керек. Жекпе-жек 18 желтоқсанда өтеді деп болжануда.

Айта кетейік, 2019 жылы Головкин DAZN-мен алты жекпе-жекке келісімшартқа отырған. Содан бері ол тек екі жекпе-жек өткізді. Алдымен Головкин Стив Роллсты жеңді, содан кейін тартысты шайқаста украиналық Сергей Деревянченкодан мықты екенін дәлелдеді.

Головкин поляк Шереметаға қарсы айқаста IBF титулын қорғайды. Екі боксшы да өткен жылдың қазан айынан бері рингке шыққан жоқ.

2021 жылдың көктемінде DAZN Канело мен Головкин арасында үшінші жекпе-жекті ұйымдастыруға тырысады.