Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (1-0, 1 KO) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегі туралы ақпаратпен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы бұл туралы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

- Ассалаумағалейкүм Қазақ елі! Мінекей араға біраз уақыт салып әуйесқой бокстан ел чемпионаты басталды.Алла амандығын беріп осы дода біткесін кәсіпқой мансабымдағы екінші жекпе-жегіме дайындықты бастаймыз.Нақты ақпарат жақындағанда белгілі болады.Ал ҚР чемпионатында өте тартысты жекпе-жектер болатыны сөзсіз,жігіттерге сәттілік тілеп қойыңыздар, - деп жазды ол.