Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Орландода (АҚШ) өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің спортшылар шешуші кездесуде америкалықтар Джексон Уитроу мен Митчелл Крюгер қарсы ойнап, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 14 минутқа созылды.