Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің финалына жолдаманы жеңіп алды.

Голубев пен Недовесов жұбы жартылай финалда франциялық теннисшілер Садио Думбия мен Фабьен Ребульге қарсы ойнап, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.