Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Орландода (АҚШ) өткен Challenger сериясы турнирінің ширек финалында жұптық сайыста жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Недовесов пен Голубев Д.Попко (Қазақстан) / П.Полански (Канада) жұбын 2:6, 6:4, 10:5 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисшілердің келесі қарсыластары Д.Галан (Колумбия) / К.Гаррисон (АҚШ) - Ф.Ребуль (Франция) / С.Думбия (Франция) кездесуінің жеңімпаздары болады.