Күрестің үш түрінен Қазақстан чемпионаты Алматыда 19-26 қараша аралығында өтеді. Турнир коронавирус пандемиясынан кейінгі ұлттық құрамалардың балуандары үшін алғашқы маңызды сынақ болады, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстан күрес федерациясы ұлттық чемпионаттың қалай өтетіндігі жайлы мәлімдеді.

Күрестің үш түрінен Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізетін орын «Достық» спорт кешені болады. Турнир көрерменсіз және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтеді. Турнирдің тікелей эфирін Youtube - Kazakhstan Wrestling Video арнасынан көруге болады. Жарысты 61 келіге дейінгі салмақтағы палуандар ашады. Бұл салмақта Нұрислам Санаев, Жандос Исмаилов, Владимир Кудрин, Адлан Асқаров және басқалар сияқты балуандар күш сынасуда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық ММА файтері Артем Резников осы чемпионатқа қатысуды және өз салмағында өнер көрсетуді жоспарлаған болатын. Соңғы жекпе-жегінде «Спартак» ACA 111 турнирінде ресейлік файтер Юсуф Раисовты жеңді.

Айта кету керек, Токиодағы Олимпиада ойындарының алдындағы палуандарға арналған негізгі лицензиялық турнир Белградтағы Әлем Кубогы болады. UWW мүшелері жоспарланған әлем кубогының орнына әлем чемпионатын өткізуге шешім қабылдады. Бұл шешімге қатысушы елдердің санының жеткіліксіздігі себеп болды. Үш күрестен соңғы лицензиялық әлем чемпионаты 2019 жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтанда өтті.