Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) командасымен бірге ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюримен (30-0-1, 21 КО) кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Ұлыбританиялық чемпион Құлахмет пен оның командасына өзінің жаттығу залына экскурсия жасауға мүмкіндік сыйлады. MTK компаниясы Twitter-дегі парақшасында жарияланған видеода қазақстандық боксшының бөлмені аралап, залдағы фотосуреттерді қарап жүргені түсірілген.

Айта кетейік, MTK Global промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Ұлыбританияда өткен бокс кешініңбасты жекпе-жегінде Тұрсынбай Құлахмет жергілікті боксшы Маколей Макгоуэнді жеңіп, WBC International чемпионының белбеуіне қол жеткізді.