Британиялық боксшы Маколей Макгоуэн (14-1-1, 3 КО) қазақстандық Тұрсынбай Құлахметке қарсы жекпе-жегі жайлы пікір білдірді.

«Өткен түні мен мықтылғымды көрсете алмадым, ол жігіт барлық жағынан менен бір бас жоғары болды. Мүмкін өзім беріле салуым керек пе еді, алайда өзіме, балаларыма қалай қарайтын едім? Мен ең мықты боксшы емес шығармын, бірақ әркез жекпе-жекке дайынмын»,- деп жазды Макгоуэн.

Айта кетейік, MTK Global ұйымы ұйымдастырған Ұлыбританиядағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Тұрсынбай Құлахмет қарсыласы Маколей МакГоуанді 14-1-1, 3 КО) төрешілердің шешімімен жеңіп, орта салмақта WBC International чемпионының белбеуін иемденді.