Дмитрий Попко Кариде (АҚШ) өткен Atlanthic Tire Championship челленджері серияларының бірінде ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші раундтық кездесуде қазақстандық теннисші америкалық Митчелл Крюгерді үш сетте жеңді - 6: 3, 3: 6, 6: 3. 2 сағат 30 минутқа созылған кездесу барысында Попко 7 эйс жасап, 2 қосарланған қателік жіберді

Жартылай финалға шығу үшін Дмитрий Попко тағы бір америкалық теннисші Денис Кудламен күш сынасады.

Фото olympic.kz