11 қараша, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні қазақстандық Дмитрий Попко поляк Петр Поланскимен жұптасып, Кариде (АҚШ) өтіп жатқан Челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың алғашқы кезеңінде Попко мен Полански Роберто Сид Суберви (Доминикан Республикасы) / Даниэль-Элай Галан (Колумбия) дуэтін жеңді.

Матч 7:6, 6:2 есебімен аяқталды.