Мәнерлеп сырғанаудан ISU Challenger санатындағы Варшава кубогы өткізілмейтін болды.

Турнир 12-15 қарашаға жоспарланған болатын.

Ерлер мен әйелдер арасындағы додаға 12 спортшыдан қатысады деп күтілген. Алайда, турнир басталуға жақындағанда тоғыз спортшы жарысқа қатысудан бас тартты.

Ал мұздағы би бәсекесінің өтпейтіні туралы 6 қарашада белгілі болған.

Осылайша, ұйымдастырушылар жарысты өткізбеу туралы шешім қабылдады.