Фристайл мен сноубордтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылы Ресейдің Красноярск аймағында өтеді.

«Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясымен (FIS) ұзақ уақыт келіссөздер жүргізілген соң, әлемдік доданы 2021 жылдың 15-28 наурызы аралығында өткізу туралы шешім қабылданды. Біз аталған бәсекені жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз», - делінген хабарламада.

Айта кетелік, әлемдік дода 2019 жылғы Бүкіләлемдік универсиада ойындарына арнап салынған кешенде өтеді.