11 қараша күні волейболдан әйелдер командалары арасындағы ұлттық лига бойынша Қазақстан чемпионаты басталады.

Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ел біріншілігінің алғашқы кезеңі Талдықорғанда ұйымдастырылады.

Ұлттық лиганың 2020/2021 кезеңінде барлығы 8 әйелдер командасы қатысады. Атап айтқанда, "Жетісу" (Алматы облысы), «Алтай» және «Алтай-2» (Өскемен), «Ертіс» (Павлодар), «Қуаныш» (СҚО), «Алматы» (Алматы), «Ару-Астана» (Нұр-Сұлтан), «Қарағанды» (Қарағанды).