Волейболдан жоғарғы лигадағы әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі Оралда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-не сілтеме жасап.

Орал қаласында жоспарланған республикалық бәсеке 11-16 қараша күндері ұйымдастырылады.

Жарыс барысында отандық алты команда өзара бақ сынайды. Атап айтқанда, «Тараз» (Тараз), «Металлург» (Теміртау), «Қостанай» Қостанай, «Қазығұрт» (Шымкент), «Орал БКО» (Орал) және «Хромтау» (Хромтау).