«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Ярославль қаласының «Локомотив» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын бүгін елорда уақытымен сағат 21.50-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін 21 мәрте кездесті. Оның 7-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клуб жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, елордалық клуб «Локомотивті» Ярославль қаласында бірде-бір мәрте жеңіп көрген емес. Барлығы 10 кездесуде қарсыласына есе жіберді.