Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновті алмастыратын ойыншыны тапты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Айдин Қожахмет Instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

ЦСКА ойыншысы кеше, 8 қарашада РПЛ аясындағы "Ростовқа" қарсы ойында жарақат алып қалған болатын.

Журналистің айтуынша, Зайнутдиновтың орнына "Астана" ойыншысы Юрий Перцух шақырту алады.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 11 қарашада Черногориямен жолдастық кездесу өткізеді. Ал Ұлттар Лигасы аясында 15 қарашада Албаниямен, 18 қарашада Литвамен кездеседі.