Қазақстандық самбошы Айбек Сайлаубаев самбодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сербиядағы турнирде спортшы 65 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Қазақстандық спортшы қола медаль жеңіп алды. Бұл салмақта бірінші орынды Али Дагоев (Ресей) иеленсе, Шахриярбек Маматкулов (Өзбекстан) күміске қол жеткізді.

Осы турнирде тағы бір қазақстандық самбист Нұрбек Қуанышұлы 74 келіге дейінгі салмақта алтыннан алқа тақты.