Қазақстандық боксшы Ержан Залилов Екатеринбургтегі бокс кешінде жергілікті боксшы Евгений Ляшковпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектің басында қабағы жарылған қазақстандық боксшы соңына дейін шыдады.

Ал орыс боксшысы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Залилов үшінші рет жеңіліп отыр. Евгений Ляшков профи рингтегі жетінші жеңісін тойлады.

Еске сала кетелік, Залилов алдыңғы жекпе-жегінде Тәжікстан боксшысы Асрор Вохидовқа (7-0, 3 КО) есе жіберген болатын.