Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы жекпе-жекте қандай белбеу бәске тігілетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Даңқты боксшылар WBC Black Lives Matter титулы үшін жұдырықтасады. Бұған дейін WBC ұйымы боксшылар Frontline Battle Belt белбеуін сарапқа салатынын хабарлаған еді.

Айта кетейік, 54 жастағы Тайсон мен 51 жастағы Джонс 28 қараша күні АҚШ-та көрмелік жекпе-жек өткізеді.