Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақтағы боксшылардың рейтингін жаңартты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшылардың арасынан тек Айдос Ербосынұлының орны өзгерді. Ол екінші орта салмақта 8-ші орыннан 7-ші сатыға көтерілді.

Еске сала кетелік, 26 шілдеде Айдос Ербосынұлы Беларусь астанасы Минскіде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде неміс боксшысы Нух Навальді (27-6, 15 КО) жеңіп, WBO Global белбеуінен бөлек, WBC Asian және WBA International белбеулерін де қорғап қалды.